Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Юенның елде әскери жағдай жариялауына байланысты Парламент оған импиджмент жариялаған болатын. Президент Юн өз әрекетін елдің демократиясын қауіптен құтқару үшін жасалған орынды әрекет деп санайды. Алайда оның келтірген уәжіне анық дәлел жоқ.
Ал жұма күні елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі президентті тұтқындауға ордер алып резиденциясына барғанымен мақсаттарына қол жеткізе алмады. Президенттің күзет қызметі оларды резиденцияға кіргізбей қойған. Соңында Юн Сок Юені көтеріліске шықты деген айыппен қамауға алу жүзеге аспай қалды.
«Президенттің жеке қауіпсіздік командасымен ұзаққа созылған кикілжіңге байланысты біз қамауға алу туралы бұйрықты орындау мүмкін емес деп санаймыз», - деді тергеушілер мәлімдемесінде.
Көптеген сарапшылар Юнның жауап беруден бас тарту әрекеті саяси дағдарысты тереңдетіп, елдегі тұрақсыздықты күшейтеді деп санайды. Қазірше оны қолға алу әрекеті қайта жалғаса ма, жоқ па деген сұрақта жауапсыз күйде тұр.
Тұтқындауға барғандар президенттің жеке күзет қызметімен қақтығысқа түскен деген де мәліметтер тарады. Ал президент сарайының маңында Юнның жақтастары ереуілдетіп, оған қолдау білдірді. Президент Юн оларға қарата мәлімдеме жасап, алғысын да білдірген, әрі өзінің Кореяның демократиясын қорғап қалу үшін соңына дейін күресетінін жектізген. Соңғы күндері оның мыңдаған жақтастары шенеуніктердің оны тұтқындауына жол бермейтіндеін білдіріп, резиденция маңына лагер де құрған. Тәртіпті сақтау үшін жақын маңда көп полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Парламент президент Юнға өткен айда импичмент жариялады. Ол тергеушілердің жауап алу үшін шақыртуларын бірнеше рет кері қайтарды. Әрі әскери жағдай жасау президентке берілген заңды өкілеттілік екенін алға тартқан. Айта кетейік, бұндай жағдай елде 45 жылда алғаш рет орын алып отыр.
Қамауға алу туралы бұйрық сейсенбі күні шығарылған. Сот ордерін жоғары лауазымды басшылардың қатысуымен қылмыстық істерді қарайтын тәуелсіз мемлекеттік мекеме Сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы алған. Егер шенеуніктер Юнды тұтқындауды жалғастырғысы келсе 48 сағат ішінде сотқа тағы да қамауға алу ордерін шығаруға жүгіне алады.