Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте Қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді, - деп хабарлайды alnews.
Концерттік бағдарлама аясында танымал қазақстандық пианист әрі композитор Ratovich (Темірлан Бейсенбай) өнер көрсетеді. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
Ашық аспан астындағы концерт барысында пианист Michael Jackson, Sting, Ed Sheeran, Modern Talking, ABBA, Валерий Меладзе және Батырхан Шүкенов сияқты танымал орындаушылар мен музыкалық топтардың шығармаларын орындайды.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке келіп, Қала күнін бірге атап өтуге шақырады.
Өтетін орны: Абай алаңы
Күні: 19 қыркүйек
Басталуы: 18:30