Ashburn 29℃
  • 474.3
  • 517.5
  • 5.41

Медеуден бастау алған даңғыл

Медеуден бастау алған даңғыл Сурет: интернеттен

Тегтер:

ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ 

Медеу ауданында орналасқан даңғылдың негізі 1919 жылы қаланған. Даңғылдың ұзындығы - 8000 метр. Ол «Көк базар» сауда орталығынан басталып, Кіші Алматы өзеніне қатарлас және осы өзеннің қиылысқан жеріне дейін созылып, санаторийлер мен демалыс аймақтары орналасқан аймаққа барып тіреледі. Достық даңғылы көпшіліктің сүйікті демалыс орындары Көктөбеге, «Медеу» спорт кешеніне және «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт базасына баратын жолмен жалғасып жатыр. Кеңес өкіметі жылдарынан бастап даңғыл қаладағы ең маңызды магистральдардың бірі.

Алматы қаласы әкімінің 12.12.1995 № 202 шешімімен даңғылға Достық атауы берілген. Бұған дейін Генерал Колпаковский көшесі, кейінірек Ленин даңғылы аталып келген.

ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨРНЕКІ ОРЫНДАР:

Көк базар,

28 Гвардиялық Панфиловшылар саябағы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы,

«Вернисаж» галереясы,

Алматы тарихи-өлкетану мұражайы,

ҚР Ғылым академиясының Ә. Марғұлан атындағы археология мұражайы,

«Ресей» супермаркеті,

«АРК» галереясы,

«Қазақстан» қонақ үйі (Сәулетшілері: Л.Ухоботов, Ю.Ратушный, А.Анчугов, В.Каштанов).

Республика Сарайы (Құрылысы 1970 жылы салынған. Сәулетшілері: В.Ю.Алле, В.Н.Ким, Ю.Г.Ратушный, Н.И.Рипинский, Л.Л.Ухоботов, т.б. Сарай Абай алаңы архитектуралық ансамблінің бір бөлігі саналады),

КИМЭП,

Каспий университеті,

«Арман» кинотеатры,

Кино және теледидар техника-экономикалық академиясы,