2026 жылы 10 маусымда Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясын қарсы алу шарасы өтті. Сапар «Алматы – Түркі мемлекеттер астанасы-2025» жобасы аясында ұйымдастырылып, жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталды, - деп хабардайды alnews.
Бағдарламаның алғашқы күні делегация мүшелері Алматыдағы жастар саясатын іске асыру тәжірибесімен танысты. Қонақтарға әлемдік тәжірбиеден алынған және жастарды қолдауға бағытталған заманауи комьюнити орталықтардың бірі Әуезов ауданы комьюнити орталығының жұмысы көрсетілді.
Қаланың барлық ауданында орналасқан комьюнити орталықтарда алматылық жастар тегін білім беру курстарына, шебердің сабақтарына, кәсіпкерлік пен медиасауаттылық бойынша тренингтерге қатысып, еріктілік жобаларға, экологиялық акцияларға, мәдени және спорттық іс-шараларға белсене араласады. Мұнда жастардың soft skills дағдысын дамытуға, бастамаларын қолдауға және әлеуметтік маңызы бар жобаларға тартуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Алматы қаласы түркі әлемі жастарын біріктіретін маңызды халықаралық алаңға айналуда. Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының сапары өзара тәжірибе алмасуға, жаңа жобаларды дамытуға және жастар ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Біз түркі мемлекеттері жастарының бастамаларын қолдауға, олардың әлеуетін ашуға және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әрдайым дайынбыз», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
Халықаралық жастар бағдарламасы алдағы күндері білім беру, мәдени және қоғамдық іс-шаралармен жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы 2025 жылы алғаш рет «Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесіне ие болды. Осы мәртебе аясында қалада халықаралық жастар алмасулары, форумдар, мәдени және білім беру жобалары жүзеге асырылып келеді. Ал биыл «Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project» форумы өтіп, ресми түрде 14 маусым күні Түркі мемлекеттер ұйымының жаңа астанасы анықталып, кілт табысталады.