Columbus 31℃
  • 476.5
  • 515.5
  • 5.41

Жасанды зерде студенттерді шаң қаптырды

Жасанды зерде студенттерді шаң қаптырды Фото: Neuro science news

 Жасанды зерденің (жасанды интллект) емтихан сынақтарын кәдімгі адамдардан жақсы тапсыра алатыны мәлім болды. Британияның Рединг университеті жүргізген сынақта ChatGPT боты студенттерден жоғары нәтиже көрсете алған.

Зерттеу барысында жасанды зерденің психология сынды пәндерден берілген сауалдарға кәдімгі студенттермен бірдей жауап бере алатын болса, ал шығармашалық жұмыстарға келгенде тіпті де жоғары нәтиже көрсете алатынын мәлім болған. Тіпті, ChatGPT жауаптарын шынайы адамдардың жауаптарынан ажырату мүлде мүмкін емес.

Ғылыми зерттеу алып барған мамандар алаңдаушылық білдіруде. Себебі, жоғары оқу орнының сынақ емтихандарында жасанды зерде шынайы адамдардан жоғары балл ала алады. Бұл дегеніміз болашақта адамдардың білім деңгейін сынауда үлкен алдамшылықтарға мүмкіндік береді деген болжамға бастайды. Бітіруші студенттер немесе талапкерлер жасанды зерденің көмегімен қалағанындай нәтиже ала алатын болса, бұл білім саласындағы және ғылым саласында үлкен мәселелерді жаратуы мүмкін.

Қазірдің өзінде дамыған елдерде студенттердің жасанды интеллект көмегімен сынақ емтихандарын тапсырып, немесе шығармашылық жұмыстарын, дипломдық жұмыстарын жазу мәселесі көп талқыға түсуде. Кейбір елдер бұған қатысты қатаң заң талаптарын бекітуді қолға ала бастаған. Бұл үрдіс көп ұзамай еліміздегі білім саласында да жаңа мәселелер пайда қылуы мүмкін.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!