Алматыда маусымның көптен күткен матчтарының бірі — «Қайрат» пен «Астана» командаларының кездесуі өтіп жатыр, – деп хабарлайды alnews.
Стадиондағы атмосфера өте жоғары деңгейде: трибуналар лық толы, жанкүйерлер өз командаларын белсенді қолдап, нағыз футбол мерекесін қалыптастыруда.
Ойын барысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына ерекше көңіл бөлінуде. Жанкүйерлер тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және трибуналарда тәртіп сақтауға шақырылуда.
Көңілді атмосфераны жарқын маскот — жанкүйерлермен белсенді қарым-қатынас жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын достық пейілді барыс қалыптастырып отыр.