Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

«Ұжымдық қорғаныс» қағидасы

«Ұжымдық қорғаныс» қағидасы Сурет ашық дерек көзінен алынды

Тегтер:

1949 жылы 4 сәуірде құрылған. Бәрімізге NATO деген атаумен таныс. NATO дегенде Кеңес Үкіметінің идеологиясы айтып келген жалған пікірлер ойға келеді. Жалған пікірлер, яғни стереотиптердің астарында қорқыныш пен үрей жатыр. Капиталистік елдердің өктемдігі, өзге әлемге, оның ішінде коммунистік елдерге төнетін қауіп осындай стереотиптерге жатады. Стереотипті ойлау түрлі конфликтілерге жетелейтін бірден-бір себеп. Сондықтан оларды уақытында сейілтіп отыру қажет.

 

Екі держава, екі идеология

 

Конфликтолог ғалымдар дау-жанжалдардың туындауына «қауіп» себепші болады дейді. Яғни оған қатысушылардың бірі өзгеден қауіпті сезген кезде жанжалға түседі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемде қалыптасқан екіполюсті жүйені зерттегенде осыны ескеру қажет.

Соғыстан соң әлем екіге бөлінді. Бірі АҚШ бастаған капиталистік елдер болса, екінші тарап КСРО бастаған социалистік елдер. Екі блок ашық әскери жанжалға түспеген. Мұндай жағдайды «суық соғыс», «қырғиқабақ соғыс» деп те атайды. Соғыс әрекеттері идеологиялық, ақпараттық үгіт-насихат арқылы жүрді. Сол кезде NATO қауіпті ұйым деген стереотип қалыптасты.  Бұл пікір бойынша ол социалистік елдерге қарсы құрылған ұйым дейді.  Алайда, NATO-ның мақсаты – ұйым мүшелерінің еркіндігі мен қауіпсіздігін саяси және әскери жолмен қамтамыз ету. Бұл ресми құжаттарда бекітілген.

Посткеңестік кеңістікте мұндай көзқарас әлі күнге дейін кең тараған. Шындығында, КСРО бастама көтерген Варшава шарты ұйымы 1955 жылы өмірге келді. Яғни NATO-дан кейін құрылған. Демек, керісінше бұл  NATO-ның құрылуына жауап болды. Wikipedia анықтамасы да ұйымды қауіп ретінде есептейтін пікірмен жазылған. Онда ұйым кеңестік экспансиядан қорғану үшін құрылған дейді.

Сөзсіз NATO-ның әскери-саяси ұйым екені рас. Алайда, әскери және саяси механизмдер мақсатқа жету құралы ғана. Яғни әлемге әскери-саяси сес көрсету олардың басты мақсаты емес. Керісінше, басты мақсаты ұйым мүшелерінің еркін әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету.  

 

Ұйым  ұлғайып келе ме?

 

Біз күнделікті өмірде NATO ұлғайып келеді деген сөзді жиі естиміз, ақпарат көздерінен көреміз және оқимыз. Алайда, мұқият сараптайтын болсақ, мұның да стереотип екеніне көзіміз жетеді.

Шынында да, мүшелерінің саны жағынан ұйым ұлғайып келеді. 1949 жылы алғаш құрылған кезде 12 мемлекет болған. Оларға АҚШ, Франция, Бірлескен Корольдік (Ұлыбритация), Бельгия, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия жатады. Бертін келе жаңа мүшелер қосылды. 1952 жылы Түркия мен Греция, 1955 жылы Германия, 1982 жылы Испания мүше атанды.

1999 және 2004 жылдары мүшелер саны кенет өсті. Алғашқы жылы Венгрия, Польша, Чехия ұйым құрамына енсе, кейін Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония мемлекеттері толыққанды мүше болды. Албания мен Хорватия 2009-да, Черногория 2017-де, Солтүстік Македония 2020-да, ал Финляндия биыл мүше атанды.

Осылайша бүгінде ұйымның 31 мүшесі бар. Швецияның да ұйымға қосылу үрдісі басталды. Ұйым мүшелері артып, толысып келеді. Алайда, бұл қауіп емес. Оған бірнеше себеп бар.

  • Біріншіден, ресми құжаттарда NATO келісімнің қағидаларын мойындайтын кез келген еуропалық мемлекетке ашық делінген. Сондықтан құқықтық тұрғыдан дәл қазір ұйымның әлемге тарауы екіталай. Осы күнге дейін Еуропалық елдердің үлесінен кеңейді.
  • Екіншіден, «ұжымдық қорғаныс» қағидасы ұйымға кірмейтін мемлекеттерге сес көрсету үшін емес, қорғану мақсатында қабылданған. Бұл қағида бойынша ұйымның бір мүшесіне жасалған шабуыл тұтас ұйымға қарсы жасалған шабуыл деп қабылданады. NATO-ның ұзақ жылғы тарихында бұл қағида бір рет қана қолданылған. Ол да болса 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-да жасалған террористік шабуылдан кейін.  

Үшіншіден, кеңею ұйымның мақсаты емес. Жалпы әскери-саяси ұйым құрылғаннан бері үш кезеңді басынан өткерді. Ол «суық соғыс» (19491991 ж.ж.), Еуропаның қосылуы (19912001 ж.ж.), Халықаралық терроризм кезеңі (2001 ж. 11 қыркүйегінен соң). Сарапшылар 2022 жылдан бастап төртінші кезең басталды деген пікірде. Себебі, 5 маусымда Мадридтегі кездесуде Стратегиялық Концепция қабылданды. Онда «360 градус» тәсілі қабылданды. Оның үш міндеті бар: тежеу және қорғаныс, дағдарыстардың алдын алу және реттеу; ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздік. Сонымен қатар, құжатта ұйымның қорғанушы болып қала беретіні жазылған.   

 

Кім  басшы, кім  қосшы?

 

Жалпы қатып қалған қоғамдық ойда NATO ұймында  АҚШ басшы да, қалған мемлекеттер соның етегінде жүреді деген көзқарас қалыптасқан. Бұл стереотип та посткеңестік кеңістік елдеріне тән жаңсақ пікір. Шындығында, бұл ұйымды құруға еуропалық елдер бастама көтерген. 1948 жылы «Брюссель пакті» қабылданды. Оған Бельгия, Біріккен Корольдік, Люксембург, Нидерланды және Франция бастамашыл болды.

Екіншіден, келісім-шарттың басты қағидасы шешім қабылдаудағы консенсус. Яғни барлық мүше елдерге тиімді болмайынша шешім қабылданбайды. Бұл қағида ұйымның барлық құрылымдарында қолданылады. Әр мүше мемлекеттің өз құқығы қорғалады. Бұл қағида саяси ықпал мен қаржыландыру деңгейіне тәуелді емес.

 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!