Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жоспарланған. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.
Жоба аясында «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» пен Oi-Qaragai курорттарын біріктіретін бірыңғай тау курорттары жүйесі құрылмақ.
Жоба шеңберінде 30 жаңа аспалы жол салу, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассаларын жасау және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту көзделген.
Жоба толық іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі бес есеге артып, 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін жетеді.
Сонымен қатар Туризм басқармасы 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатқанын хабарлады. Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды. Онда тау инфрақұрылымын дамыту, тау шаңғысы курорттарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жаңа аспалы жолдар салу және туристік маршруттарды дамыту қарастырылған.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шетелдік туристер саны екі есеге жуық өсіп, 986 мыңнан 1,7 миллион адамға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ. туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 101,8 мың адамға дейін артады.
Соңғы жаңалықтар:
Алматылық спортшылар Азия ойындарында алғашқы жүлделерін жеңіп алды
22 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюнити орталығы ашылды
18 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді
18 қыркүйек 2026
Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынылды
18 қыркүйек 2026
Қала күніне орай Алматыда жаңартылған демалыс күнгі жәрмеңке ашылады
18 қыркүйек 2026