Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Шығыс Азияда шиеленіс күшеюі мүмкін

Шығыс Азияда шиеленіс күшеюі мүмкін Шығыс Азия. Фото: World Atlas

Ресей мен Солтүстік Корея қол қойған өзара қорғаныс шарты екі елдің соғыс болған жағдайда бір-біріне дереу әскери көмек көрсетуін талап етеді. Сарапшылардың болжауынша Солтүстік Корея бұл шартқа сүйене отырып, бұрынғыдан да батыл іс-қимылға тәуекел етуі мүмкін. Ал жағдайдың бұлай дамуы Шығыс Азияда Қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі шарттың қайта түзілуіне итермелеуі мүмкін. 

Путин мен Ким қол қойған жан-жақты серіктестік туралы шарт қажетті ресурстарды өзара бөлісу, өзара жедел әскери көмек көрсету талаптарын қамтиды. Ұзақ уақыт оқшауланған Солтүстік Корея үшін бұл үлкен қолдаумен тең. Ядролық және зымыран сынақтары арқылы Оңтүстік Корея мен Жапонияны ұдайы алаңдатып келе жатқан Пиоңяң алдағы уақытта бұндай әрекеттерін тіпті де жиілете түсуі болжануда.

Егер Солтүстік Кореяның арандату әрекеттері белсенді жалғасаа бұл Америка Құрама Штаттары мен оның аймақтағы одақтастары болған Жапония және Оңтсүтік Корея арасындағы бірлескен әрекеттерді арттырады. Яғни, Жапония, Оңтүстік Корея және Америка Құрама Штаттары енді Ресей мен Солтүстік Кореяның қорғаныс шартының қаупіне қарсы тұру үшін қосымша әскери күш топтайды немесе әскери нысандарын көбейтуі бек мүмкін. Ал бұл аймақ Қытайға жақын болғандықтан Бейжің ұдайы оның қысымына тап болары анық. Осылайша Корей түбегіндегі шиеленіс барған сайын ушыға түсуі мүмкін. Қазір сарапшылар аймақтағы мұндай жағдайға Қытай араласа ма, жоқ па деген мәселеге жауап іздеуде. 

Қытай өзін әлемді жауласқан лагерлерге бөлуге қарсы тұратын бейбіт ел ретінде көрсетуге тырысып келеді. Керісінше, Бейжің Америка Құрама Штаттарын өз одақтастарын топтап, әлемді жаңа қырғи-қабақ соғысқа итермеледі деп айыптайды. Ал Ресей мен Солтүстік Корея Қытайдың ең жақын стратегиялық серіктестері. Олар арасындағы келісім Бейжің үшін одан да көп қиындықтар туғызады деп болжауға негіз бар. 

Тарата айтар болсақ, әлгіндей шарт Қытай, Ресей және Солтүстік Корея арасындағы үшжақты ықпалды күшейтеді. Бейжің болса өзінің стратегиялық қарсыластарына қандай да бір елдермен түбегейлі одақ құрғысы келмейді. Яғни лагерлерге жіктелу Бейжің аулақ болуды қалайтын нәрсе. Сондықтан алдағы уақытта Қытай үшін екі серіктесінің іс-қимылдарына ұдайы қадағалап отыруға тура келеді. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!