Columbus -0℃
  • 501.1
  • 525
  • 4.95

Қазақ ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамхана 50 Best Discovery тізіміне енді

Қазақ ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамхана 50 Best Discovery тізіміне енді qazaq.gourmet/Instagram

Тегтер:

АСТАНА. KAZINFORM — Qazaq Gourmet мейрамханасы 50 Best Discovery беделді халықаралық тізіміне енді. Бұл жайында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы хабарлады. 

Бұл шара — қазақтың ұлттық тағамдары мен Қазақстанның гастрономиялық индустриясының әлемдік аренадағы мойындалуы мен танылуының айғағы.

50 Best Discovery — бүкіл әлемнен The World’s 50 Best Restaurants және The World’s 50 Best Bars сыйлығының сарапшылары таңдаған, мейрамханалар мен барлардың таңдаулы жиынтығы болып табылатын беделді халықаралық платформа.

Бұл тізім аспаздардың, рестораторлардың, сыншылардың және 1000-нан аса тәуелсіз беделді мамандардың ұсыныстарына негізделген.

Ол эксклюзивті мейрамханалардан көше тағамдарына дейін, гастрономия сүйер қауымға әртүрлі мәдениеттер мен елдердің бірегей дәмдік әсерлері мен кулинарлық жаңалықтарын ұсынып, жаңа гастрономиялық үрдістерді бейнелейтін және үнемі жаңартылып отыратын кулинарлық тәжірибелердің кең спектрін қамтиды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!