7–9 сәуір күндері Ақтау қаласында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен жиналған спортшылар түрлі салмақ дәрежелерінде бақ сынап, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті, - деп хабарлайды alnews.
Жарыс қорытындысы бойынша 18 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
«Қазақ күресі» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Тойжан Алимжан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, тартысты белдесулер нәтижесінде III орынға ие болды. Осылайша, ол чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Аталған нәтиже жастар спортын дамыту және жас таланттарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың тиімділігін айқындайды.
Спортшыны және оның бапкерлерін лайықты жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!