Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.

Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Алдыңғы
Пропускную способность «Шымбулака» планируют увеличить в пять раз
Келесі
Президент направил поздравительную телеграмму Королю бельгийцев Филиппу по случаю Национального дня

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу