«Көк төбе» телемұнарасы Кезекті алматылық сәулет кереметі – «Көк төбе». Нақты техникалық қызмет атқару мақсатында бой көтерген мұнара, көрнекті дизайны мен биіктігінің арқасында күтпеген жерден Алматының аса танымал рәміздерінің қатарына қосылды.Телемұнараның құрылысына өз заманының бар инновациялары жұмылдырылды.
Сазды жерге орнатылған 372 метрлік мұнараның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін салмағы 45 мың тоннаны құрайтын бетонды негіз құйылды. Жалпы құрылыс салмағы 50 мың тонна екендігін ескерсек, шынымен таңқаларлық жайт екенін аңғарамыз!Маятниктік тербелістерді бәсеңдеткіш жүйе қолданылатындықтан, телемұнара күшті желдерге оңай төтеп беріп, 10 баллдық жер сілкінісін еңсере алатын тұрақтылыққа ие.
«Көк төбе» еліміздегі ең биік құрылыстар қатарында екінші орынға жайғасқан.
Көлсай көлдері теңіз деңгейінен 1818, 2252 және 2850 метр биіктікте "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында орналасқан. Қайыңды көлі Көлсай көлдерінің шығысына қарай 12 шақырым қашықта орналасқан, ұзындығы 400 метрге созылып жатыр. Бір жексенбілік сапарда Төменгі Көлсай және Қайыңды көлдеріне барып үлгеруге болады. Жоғарғы Көлсай (үшінші көл) екіншісінен 4 шақырым шалғай және 600 метрге жоғары орналасқан, оған көтерілу үшін көп уақыт пен жақсы физикалық дайындық қажет. Көлсай – жаяу және атты жорықтар, тау велосипедтерімен саяхаттау үшін тамаша орын.
Қайыңды көлі жүз жыл бұрын шатқалды қоршап тұрған табиғи бөгет ретінде қалыптасып қалған тау жыныстарының ауқымды қопарылысы нәтижесінде пайда болды. Су бетінен шығып тұрған шыршалардың құрғақ діңгектері көлді қорғаушы қарауыл сыңайлы. Көл жан-жағынан тасты тау беткейлері мен биік жартастармен қоршалған. Одан жоғарырақта жартасты тығырыққа ұшырасуға болады, сол себепті көлге көлікпен жетудің жалғыз ғана жолы бар.
Көк ТөбеТелемұнараның түбінде серуендеу мен көңіл көтеруге арналған әсем саябақ орналасқан. Онда шағын зоопаркты тамашалауға, Биттлз тобымен суретке түсуге, аттракцион тебуге, әйнекті лабиринтке кіруге, арқанды паркпен секіруге болады. Экстремалды сүйетіндер Fast Coaster шаналарымен 45 км/сағат жылдамдықпен төмен құлдилау мүмкіндігіне ие. Әрине, Көктөбеге шыққан соң, теңіз деңгейінен 1130 метр биіктіктегі шолу доңғалағына мініп, қаланы алақанға салғандай тамашаламай қайтуға болмайды!
Шарын шатқалы – Алматы облысындағы ең қызықты табиғи нысандардың бірі. Шатқал шөгінді жыныстардан тұрады, олардың жасы шамамен 12 миллион жыл! Күн ұясына батар сәтте шатқал қабырғалары таңқаларлық реңктерге боялады. Туристердің ең көп баратын жері - "Қорғандар аңғары". Шарын шатқалы Солтүстік Америкадағы Колорадоның үлкен шатқалына (Grand Canyon) ұқсас келеді. Шарын американдық егізінен кішірек, десек те «Қорғандар аңғары» өзіне ғана тән қайталанбас сұлулығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, реликті шаған тоғайы сақталған «Темірлік», «Айлы алқап» және «Құртоғай» шатқалдарының керемет көріністерінен құр қалмауға кеңес береміз.
Үлкен Алматы көліне Алматыға жол тартсаңыз міндетті түрде Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі болып табылатын Үлкен Алматы көліне баруға кеңес береміз. Көлдің жағасына қарай салынған тасжол бұл табиғат кереметін көремін деушілер санының еселеп өсуіне себеп болды. Содан да болар, кейде іздеп келген тыныштықты табу қиынға соғады. Дегенмен, бұл жағдай Үлкен Алматы көлінің сұлулығы сыйлайтын ләззаттың жанында тым мардымсыз көрінеді! Тау бөктерінде тамыры аңыздармен астасып жатқан әсем еңлікгүлдер өседі. Ал жан-жағыңызға назар салып қарасаңыз, өте сирек кездесетін имектұмсық құстарды байқайсыз.
Шымбұлақ Тау биігіндегі курорт алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарының сүйікті белсенді демалыс орны болып табылады. 20 шақырымға созылып жатқан трасса шаңғы мен сноуборд тепкісі келетіндерді күтеді. Қыста Фанпаркте 14 трасса және оқыту бөктері жұмыс істейді. Кешенде сырғанақ тебу қиындығына қарай 5 «қара» трасса (сараптама деңгейі), 6 «қызыл» трасса (озаттардың деңгейі), 3 «көк» трасса (орта деңгей) бар. Ал сырғанауды енді ғана үйреніп жатқандар үшін оқыту бөктері («жасыл» трасса) қызмет көрсетеді.
Медеу— теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте, Қазақстанның «оңтүстік астанасы» – Алматы қаласының маңында, «Шымбұлақ» тау курортынан сәл төменірек, Медеу шатқалында орналасқан биік таудағы спорт кешені.Медеу тауының 842 баспалдағымен көтерілгеннен кейін таудың басынан Алматының панорамалық көрінісін тамашалауға болады.