Алматыға халықаралық Food and Travel басылымының редакциялық тобы келді, - деп хабарлайды alnews.
Almaty Tourism Bureau қолдауымен команда қаланың гастрономиялық және туристік өмірімен танысып жатыр.
Басылым өкілдері мейрамханаларға, жергілікті гастрономиялық жобалар мен базарларға барып, қазақтың ұлттық тағамдарымен және заманауи авторлық концепциялармен танысуда. Жергілікті өнімдер мен дәстүрлі рецептерге жаңа көзқарастарға ерекше көңіл бөлінуде. Бағдарламаға Алматының тарихы мен қазіргі тынысын гастрономиямен сабақтастыра танытатын мәдени және туристік нысандар да енгізілген.
Food and Travel 1997 жылдан бері саяхат пен гастрономия тақырыптарын қамтып келе жатқан халықаралық басылым. Қазір журнал Ұлыбритания, Германия, Италия, Мексика, Түркия және Грекия нарықтарында шығады. Басылым әлемнің түрлі елдеріндегі туристік бағыттар, ұлттық тағамдар және мәдени ерекшеліктер туралы ақпарат ұсынады.
2026 жылы Алматының гастрономиялық сахнасына халықаралық медианың назарын ауды. Америкалық Eater басылымы қаланы Where to Eat 2026 тізіміне енгізсе, Алматының төрт мекемесі The World’s 50 Best Discovery тізімінен орын алды.
Food and Travel редакциясының бұл сапары Алматыға деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанының тағы бір белгісі. Сапар соңында халықаралық аудиторияға Алматының заманауи гастрономиясы, қазақ асханасы мен жергілікті өнімдері таныстырылып, шаһардың Орталық Азиядағы гастрономиялық орталық ретіндегі әлеуеті кеңінен көрсетілмек.