Columbus -3℃
  • 529.3
  • 551
  • 5.15

ЕО шенеунігі: Грузия одаққа кіруге "үміткер" мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін

ЕО шенеунігі: Грузия одаққа кіруге "үміткер" мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін Giorgi Arjevanidze / AFP / East News

Грузия Еуропалық Одаққа мүше болуға үміткер еді. Алайда өз атын атамаған одақ шенеунігі биыл қазанда Тбилиси "үміткер" мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін, - дейді alnews  Foreignpolicy басылымына сілтеме жасап.

"Егер заң жобасы кері қайтарылмаса, қазан айында Еуропалық комиссия Грузия үкіметіне кандидат елдің мәртебесін растамайтынын хабарлауы мүмкін", - деп мәлімдеді шенді шенеунік. 

Айта кетейік, Грузияда былтыр да осы заң аясында үлкен дау болған еді. Оппозиция өкілдері алаңға келіспеушілерді шақырып өз көзқарасын білдірген. Сол кезде Үкімет шегініс жасап, заң жобасын кейінге қалдырды. Билік шегініс жасау арқылы желтоқсанда ЕО-а мүше болуға "үміткер" мәртебесін алған болатын. 

Биыл тағы да осы мәселе көтеріліп, оппозиция көшеге шыққанына қарамастан заң жобасы қабылданып жатыр. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!