Алматының Жетісу ауданында 2026 жылы коммуналдық желілерді қайта жаңғырту бойынша сегіз жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты.
Жоба аясында 7 шақырымнан астам су құбыры және шамамен 1 шақырым кәріз желісі жаңартылады.
Сонымен қатар 2-ші Гончарная көшесінде ұзындығы 340 метр болатын жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта аталған аумақта уақытша желілер тартылды. Жобаны үш ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, кернеуі 6-10 кВ болатын кабельдік электр желілерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Негізгі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.
- Тегтер:
- алматы,
- Жетісу ауданы
Соңғы жаңалықтар:
Алматы әкімдігінің қызметкері самбодан әлем чемпионы атанды
24 қараша 2026
Алматыда «Рахат» фабрикасына арналған арт-нысан орнатылды
24 қараша 2026