Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жаңа әнді орындады

Түрксіб ауданындағы 2000-ға жуық оқушы Қазақстанның Республика күніне арналған жаңа «Республика күні» әнін орындады, - деп хабарлайды alnews.

Әннің авторы – №6 Оқушылар үйінің педагогі, композитор Біржан Әлкеев. Туынды «Елімнің жарқын болашағы: Бірлік. Рух. Тәуелсіздік!» атты ауқымды патриоттық іс-шара аясында шырқалды.

Іс-шараны Түрксіб аудандық білім бөлімі, №6 Оқушылар үйі және аудандағы 32 мектеп бірлесіп ұйымдастырды. 2000-ға жуық оқушы бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын, сондай-ақ «Республика күні» және «Атамекен» әндерін орындады.

Іс-шараның ерекше көріністерінің бірі – «Жанды ту» композициясы. Көгілдір және сары түсті жейде киген оқушылар алаңға сап түзеп, Қазақстанның Мемлекеттік Туының бейнесін жасады.

Көрермендердің ерекше назарын №83 гимназияның қазақ халық аспаптарынан құралған «Шабыт» оркестрінің өнері аударды. Ұжым ұлттық музыка мәдениетінің бай мұрасын паш етті.

Сонымен қатар арт-челлендж аясында 500 жас суретші Қазақстанның мәдени мұрасына, ұлттық дәстүріне және еліміздің жарқын болашағына арналған туындысын ұсынды.

Алдыңғы
В Алматы начат снос незаконного рынка «Жетысу-Семиречье»
Келесі
2000 школьников Алматы исполнили новую песню ко Дню Республики

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу