Алматыда Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына орай «Арқау» халықаралық көрмесі ашылды

14 қазанда Алматы галереясында Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық мұрасы мен алдағы 100 жылдық мерейтойына арналған «Арқау» («Связующая нить») халықаралық көрмесі ашылды, - деп хабарлайды alnews.

Экспозицияға қырғызстандық суретшілердің 65 туындысы қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Көрмеде Қырғыз Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Кубанычбек Ибрагимов, Бахрамжон Темиров, Садык Мурзаканов және Азизбек Сулайманов туындыларын ұсынды.

Суретшілер картинасында Айтматов шығармаларының сюжетін, кейіпкерлері мен образдарын бейнелеп, көрермендерге таныс әдеби туындыларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Көрменің ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев қатысты. Ол мұндай көрмелер көрермендерді әртүрлі ел суретшілерінің шығармашылығымен таныстырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қонақтар арасында Қырғыз Республикасының Алматыдағы консулы, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, белгілі және жас суретшілер, мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері де болды.

Көрме Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан суретшілер одағының атсалысуымен ұйымдастырылды.

Экспозиция 2026 жылы 7 қарашаға дейін ашық болады. Көрмені сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Достық даңғылы, 44 мекенжайында тегін тамашалауға болады. Дүйсенбі – санитарлық күн.

Алдыңғы
В Алматы модернизировали систему водоснабжения для 15 тыс. жителей
Келесі
В Алматы открылась международная выставка «Арқау» к предстоящему 100-летию Чингиза Айтматова

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу