Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Алматыда орталықтандырған сумен қамту жұмысы қарқынды жүргізілуде

Алматыда орталықтандырған сумен қамту жұмысы қарқынды жүргізілуде Фото: Азаттық-рухы

Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету өз алдына күрделі мәселе саналады. Халық санының жыл сайын көбейіп келе жатуына, қала аумағының кеңеюіне және жаңа тұрғын үйлер санынын өсуіне байланысты қаланы сумен қамтамасыз ету мәселесіде стратегиялық іс-қимылдарды талап ете бастады.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та шаһардағы су шаруашылғына қатысты мәселелерді оңтайлы шешуді, оны қаланың болашақ даму жоспарында басты назарға ұстауды айрықша тапсырған болатын. Әсіресе инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларында да ауыз су мәселесі басты назарға алынған. 

Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету 6 негізгі су көзі арқылы жүзеге асып келе жатыр. Айталық, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінен және Алматы мен Талғар кен орындарының жерасты су жинағышы арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Биыл Талғар жерасты су жинағышын кеңейтіп, қуатын 60 пайызға дейін арттыру мақсатындағы құрылыстар қарқынды жүргізілді. Құрылыстың жалпы барысын Алматы әкімдігі ғана емес, Үкімет пен Президент әкімшілігі де өз қадағалауына алған. 

Қала тұрғындарын сумен тұрақты әрі жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында Талғар жерасты су жинағышынан тәулігіне 17 мың м3 көлемінде су қолданыстағы желілер толықтырып отырады.   Жоба қуаттылығы 15 мың м3 болатын жаңа 6 ұңғыма салуды және қуаттылықты 60%-ға арттыра отырып, 6 сорғы стансасындағы 14 сорғыны толық ауыстыруды көздейді. 

Аталған жоба қаланы сумен қамтамасыз етудегі жер үсті суларына деген тәуелділікті қысқарту мақсатында жасалған маңызды жобалардың бірі. Мемлекет басшысы өзінің Алматыдағы жұмыс сапары кезінде жер үсті суларына деген тәуелділікті барынша қысқарту бойынша нақты тапсырмалар да берген. Айталық Былтыр 18 тамыздағы  Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте селдің көбеюі және өзен суы лайлануының артуына байланысты Президент қаланың жоғарғы бөлігіне ауыз су беруді шектемеу үшін кешенді жұмыстар жасалуын тапсырған. 

Барлық қала тұрғындарын орталықтандырған сумен қамту бойынша да кешенді жұмыстар жүрігізіліп келеді. Былтыр осы мақсатта 117 шақырым су құбыры салынып, 46 шақырымы жаңғыртылды, бұл Алматы тұрғындарының 99,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешу үшін 4 су жинағыш құрылысы мен жобасы жүргізілуде. Биыл 142 шақырым инженерлік коммуникация салу және 48 шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Қабылданған шаралар жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6%-ын орталық сумен қамтуға және желілердің тозу деңгейін 53,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

The Alnews


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!