Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды alnews.

Биылғы фестиваль әлемнің әр түкпірінен келген цирк артистерін, режиссерлерді, продюсерлер мен сала сарапшыларын бір алаңға жинады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Фестиваль халықаралық баспасөз конференциясымен басталды. Оған қазылар алқасының төрағасы, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов, қазылар алқасының мүшелері, Ресей, Тәжікстан, Швейцария және АҚШ-тың цирк ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ Cirque du Soleil компаниясының кастинг және таланттарды іріктеу жөніндегі директоры Ирина Науменко қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар заманауи цирк өнерінің даму үрдістерін, халықаралық әріптестікті нығайту және мәдени байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ашылу салтанатына арнайы жаңа сахналық костюмдер мен көркем бейнелер әзірленді. Биыл фестиваль манежінде алғаш рет Түркия, Франция және Швейцарияның артистері өнер көрсетеді. 

Байқау бағдарламасы аясында қатысушылар Гран-при, сондай-ақ үш алтын, үш күміс және үш қола жүлдені сарапқа салады. Халықаралық қазылар алқасы артистердің кәсіби шеберлігін, қойылымдардың ерекшелігі мен орындау деңгейін бағалайды. 

Салтанатты рәсім барысында алғаш рет осы фестивальге арнайы жазылған ресми әнұран шырқалды. Ресми бөлімнен кейін манежде әртүрлі елдердің артистері қатысқан байқау бағдарламасы басталды.

1-23 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен арнайы цирк бағдарламасы өтеді.

Алдыңғы
В Алматы в первом полугодии ввели в эксплуатацию 10 социально значимых объектов
Келесі
В Алматы стартовал IV Международный фестиваль циркового искусства

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу