Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты спорт мектептері балаларға спорттың түрлі бағыттары бойынша тегін жаттығып, тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен қабілетін дамытуға мүмкіндік ұсынады, - деп хабарлайды alnews.
Спорт мектептерінде жеңіл және ауыр атлетика, бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, таеквондо, каратэ, жүзу, гимнастика, велоспорт, есу, семсерлесу, шаңғы спорты, биатлон, хоккей, баскетбол, волейбол, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша дайындық жүргізіледі.
Баланы спорт мектебіне қалай жазуға болады?
1. Баланың жасы мен қызығушылығын ескере отырып, спорт түрін таңдаңыз.
2. Таңдалған спорт түрі бойынша жаттығу өткізетін спорт мектебін анықтаңыз.
3. Мектепке хабарласып, қабылдау талаптары мен іріктеу мерзімдерін нақтылаңыз.
4. Қажетті құжаттарды дайындап, тапсырыңыз.
5. Баламен бірге іріктеуге келіңіз.
6. Іріктеуден сәтті өткеннен кейін бала жаттығуға кірісе алады.
Қабылдау кезінде баланың жасы, жалпы дене дайындығы және таңдаған спорт түріне бейімділігі ескеріледі.
Қажетті құжаттар
* спортпен шұғылдануға рұқсат беретін медициналық анықтама;
* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* баланың ЖСН-ы;
* ата-анасының бірінің жеке куәлігінің көшірмесі;
* 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет;
* медициналық құжаттар (063/у, 026/у нысандары);
* спорттық разряды немесе жетістіктері болған жағдайда, оларды растайтын құжаттардың көшірмесі.
Қабылдау жасы, іріктеу талаптары және қажетті құжаттар тізімі спорт түрі мен нақты мектепке байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан барлық ақпаратты таңдаған спорт мектебінен алдын ала нақтылап алған жөн.
Спорт мектептерінің тізімі
№1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: ауыр атлетика, байдарка және каноэде есу, грек-рим күресі, велоспорт, еркін күрес, жүзу, баскетбол, дзюдо, таеквондо, шахмат.
Мекенжайы: Медеу ауданы, Жетбаев көшесі, 43/4.
Телефон: 8 701 300 05 92.
№2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: жеңіл атлетика, бокс, таеквондо, грек-рим күресі, көгалдағы хоккей.
Мекенжайы: Брусиловский көшесі, 134А.
Телефон: 8 (727) 301-98-38.
№3 кешенді балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, сноуборд, фристайл, тау шаңғысы спорты, шайбалы хоккей, керлинг.
Мекенжайы: Абай даңғылы, 44/3.
Телефон: 248-47-54.
№5 мамандандырылған кешенді балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі
Спорт түрлері: нысана көздеу, стендтік ату, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, жүзу, суға секіру, су добы, артистік жүзу, садақ ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ.
Мекенжайы: Жас Қанат шағынауданы, 24Б.
Телефон: +7 707 967 24 95.
№6 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: дзюдо, таеквондо, каратэ, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі.
Мекенжайы: Алатау ауданы, Зерделі шағынауданы, 1/122.
Телефон: +7 707 001 08 01.
№7 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: дзюдо, таеквондо WT, үстел теннисі, бадминтон, классикалық волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, бокс.
Мекенжайлары: Түрксіб ауданы, Рихард Зорге көшесі, 8А; Жетісу ауданы, Жайсан көшесі, 20/1.
Телефондар: +7 (727) 251-16-55, +7 (727) 351-86-95.
№8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: семсерлесу, қазіргі бессайыс, таеквондо WT, спорттық құзға өрмелеу, триатлон, спорттық би, шахмат.
Мекенжайы: Достық шағынауданы, Сәдуақасов көшесі, 35, 1-корпус.
Телефон: 393-52-82.
№9 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: спорттық гимнастика, батутта секіру, спорттық акробатика, дзюдо, еркін күрес, брейкинг.
Мекенжайы: Әуезов ауданы, 1-шағынаудан, 20А.
Телефондар: 8 (727) 390-62-64, 8 (727) 390-62-63.
№10 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Спорт түрлері: бокс, таеквондо WT, каратэ WKF, жүзу, дзюдо, ауыр атлетика, семсерлесу.
Мекенжайы: Қазыбаев көшесі, 286/2.
Телефон: 8 (727) 220-36-56.
СПОРТ КЛУБТАРЫ
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы
Спорт түрлері: жүзу, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, шағын футбол, футбол, 5×5 футбол, пауэрлифтинг, армрестлинг, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, садақ ату, отырып ойнайтын волейбол, бадминтон, голбол, таеквондо, дзюдо, арбадағы би, арбадағы теннис, паравелоспорт, оқ ату, бочча.
Мекенжайы: Медеу ауданы, Мақатаев көшесі, 13.
Телефон: +7 (727) 397-57-55.
Ұлттық және ат спорты түрлері клубы
Спорт түрлері: қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, асық ату, құсбегілік, ат спорты, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, бәйге.
Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 29/3, Орталық стадион, №3 кіреберіс.
Телефон: +7 708 311 15 01.
Олимпиадалық емес және бұқаралық спорт түрлері клубы
Спорт түрлері: кикбоксинг, джиу-джитсу, ушу-саньда, годзюрю каратэ, кёкусинкай каратэ, муай-тай, шинкиокушинкай каратэ, самбо, грэпплинг (AIGA), комбат джиу-джитсу, кёкусин будокай каратэ, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, армрестлинг, унифайт, пенчак силат, эстетикалық топтық гимнастика, пауэрлифтинг, президенттік көпсайыс, спорттық туризм, спорттық бағдарлау, спортинг, аралас жекпе-жек (ММА), альпинизм, падел.
Мекенжайлары:
Сәтбаев көшесі, 29/3, №3 кіреберіс;
Айнабұлақ-2 шағынауданы, 65/1, «Айнабұлақ» ДСК.
Телефон: +7 (727) 292-13-50.
Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты спорт мектептеріндегі жаттығулар тегін жүргізіледі.