Алматыда Almaty Studios музыкалық және шығармашылық кеңістігі ашылады

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен музыка және креативті индустрияны дамытуға арналған жаңа көпфункционалды Almaty Studios кеңістігі ашылады, - деп хабарлайды alnews.

Жобаның бастамашысы – музыкант, композитор, A’STUDIO тобының жетекшісі Байғали Серкебаев. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Мұнда музыка үйренуге, дайындық өткізуге, музыкалық шығармаларды жазуға, түсірілім мен концерт ұйымдастыруға жағдай жасалады. Кеңістік өнер жолын енді бастаған музыканттарға да, кәсіби орындаушыларға да арналған.

Қаланың таулы бөлігінде, өзен жағасында орналасқан кешенде дыбыс жазу студиясы, дайындық залы, оқу сыныптары, түсірілім павильоны және 100 адамға арналған шағын концерт залы бар. Мұнда шебердің дәрістерін, шығармашылық кездесулер мен жаңа музыкалық жобалардың таныстырылымдарын өткізу де жоспарланған.

 

«Мен үшін Almaty Studios жас және тәжірибелі музыканттар кездесіп, өзара тәжірибе алмасатын, пікірлес адамдарды табатын және шығармашылық идеясын жүзеге асыратын ортаға айналғаны маңызды», – деді Байғали Серкебаев.

 

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, кешен жергілікті музыканттардың шығармашылық жұмысына және бірлескен жобаларды іске асыруға пайдаланылмақ. Сонымен қатар мұнда мәдени және оқиғалық туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу көзделген.

Алдыңғы
Алматинские студенты запустили республиканскую акцию «Менің Қазақстаным!» ко Дню Республики
Келесі
В Алматы открывается музыкально-креативное пространство Almaty Studios

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу