Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-маусымының ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

29 қыркүйекте сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алдындағы алаңда Алматы қаласының күніне және театрдың жаңа маусымының ашылуына орай «Мұра» атты ауқымды open-air гала-концерті өтеді, - деп хабарлайды alnews.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің және «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылады.

Концерт бағдарламасына опера, балет, симфониялық музыка, хор өнері, джаз, этно және заманауи музыкалық бағыттарды біріктіретін 30 бірегей нөмір енеді. Кеш барысында классикалық және ұлттық өнердің бай мұрасы заманауи сахналық безендіру және мультимедиалық шешімдер арқылы ұсынылады.

Концерттің визуалды бағдарламасында 500-ден астам эксклюзивті сахналық костюм, театр ғимаратының қасбетіне түсірілетін ауқымды 3D-проекциялар, лазерлік инсталляциялар, сондай-ақ пиротехникалық және отты шоу элементтері пайдаланылады.

Іс-шара аясында «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасына да ерекше назар аударылады. Концерттің сахналық безендірілуіне пайдаланылған тірі ағаштар мен өсімдіктер іс-шара аяқталғаннан кейін Алматының көгалдандыруды қажет ететін шағынаудандарының біріне, сондай-ақ театр аумағына егіледі.

Кеш қонақтарын сағат 18:00-ден бастап dj_dobsun қарсы алады.

Күні: 29 қыркүйек 2026 жыл
Басталуы: 19:00
Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алдындағы алаң
Мекенжайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 110

Іс-шараның өтуіне байланысты 29 қыркүйек күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін Қабанбай батыр көшесінің Абылай хан көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығындағы бөлігі автокөлік қозғалысы үшін жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын аталған уақыт аралығында жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалануға шақырамыз.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыс нөмірлері:

Екатерина Ченцова — +7 701 393 39 83
Ақерке Қасымбекқызы — +7 702 283 03 02
Фатима Тохтауханқызы — +7 708 502 40 23

Алдыңғы
Предложения жителей учтены при корректировке Генерального плана Алматы до 2040 года
Келесі
В Алматы Казахский национальный театр оперы и балета имени Абая представит open-air гала-концерт «Мұра» в честь открытия 93-го театрального сезона

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу