Алматылық Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Алматылық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды alnews.

Қазақстан құрамасы сапында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы екі кездесуде жеңіске жетіп, Олимпиада тұғырына көтерілді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Марал жарыстағы алғашқы жеңісіне 8 қарашада қол жеткізді. Ол Ұлыбритания өкілі Джая Калсиден үш раунд қорытындысы бойынша 3:1 есебімен басым түсті.

10 қарашада өткен ширек финалда алматылық боксшы мысырлық Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді. Бес төрешінің де шешімі қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Марал 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, оның кем дегенде қола медаль иеленетіні белгілі болды.

11 қарашада финалға шығу үшін өткен кездесуде Марал Өзбекстан өкілі Сабрина Чакомоновамен кездесті. Бұл жолы қарсыласы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Алматылық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасын қола медальмен аяқтады. 

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегалда өтіп жатыр. Бұл Африка құрлығында алғаш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындары. Жарыста Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 18 спортшы бақ сынап жатыр.

Алдыңғы
Возможности города Алматы представили на ICCA Congress 2026 в Панаме
Келесі
Алматинка Марал Толепберген завоевала бронзу юношеских Олимпийских игр

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу