Алматыда Кеңсай мен Сұлусай шағынаудандарын жалғайтын екі шақырымдық жол алғаш рет жарықтандырылды

Алматының Медеу ауданындағы Кеңсай мен Сұлусай шағынаудандарын жалғайтын жолдың екі шақырымдық бөлігіне жарық шамдары орнатылды. Бұған дейін көше жарығы болмаған аумаққа 58 жаңа шам қойылды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жүргізушілер мен жүргіншілер үшін жолдың көріну мүмкіндігі жақсарып, кешкі және түнгі уақытта қатынау қауіпсіздігі артты.

Жарық шамдарын орнату Медеу ауданындағы көше жарығын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары аясында жүзеге асырылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, өзге де учаскелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдыңғы
Гастрономическая карта Алматы: город посетит известный южнокорейский шеф-повар Sin Keun Choi
Келесі
В Алматы впервые осветили двухкилометровую дорогу между микрорайонами Кенсай и Сулусай

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу