Алматыда 15 мың тұрғынды сумен қамтитын нысан жаңғыртылды

Алматының Наурызбай ауданындағы Асқаров көшесі, 33/2 мекенжайында орналасқан су құбыры нысанын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды alnews.

Нысан Наурызбай және Бостандық аудандарының шамамен 15 мың тұрғынын сумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты.

Жұмыс барысында екінші көтерілімдегі жаңа сорғы станциясы салынып, оған бес сорғы орнатылды. Оның үшеуі тұрақты жұмыс істесе, екеуі резервте болады. Сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 2 мың текше метр болатын екі таза су резервуары жаңғыртылып, инженерлік желілер жаңартылды. Сондай-ақ, заманауи автоматты бақылау жүйесі орнатылды.

Бұдан бөлек, трансформатор қосалқы станциясы орналасқан қызметтік ғимарат қайта жаңғыртылып, жаңа бақылау-өткізу пункті салынды. Электрмен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру және қауіпсіздік жүйелері де жаңартылды.

Нысан пайдалануға берілді. Басқарманың мәліметінше, жүргізілген жаңғырту жұмыстары су құбыры желісіндегі қысымды тұрақты ұстап тұруға, әсіресе су тұтыну көлемі артатын уақытта, сондай-ақ су берудегі іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы
В Алматы стартовал чемпионат по чтению среди молодежи
Келесі
В Алматы модернизировали систему водоснабжения для 15 тыс. жителей

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу