Алматыда телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Цифрландыру басқармасының өкілдері хабарлады.
Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Алматы XGSPON технологиясын Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала атанды.
Қазіргі уақытта жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.
2026 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 10 мың көпқабатты тұрғын үйді қосу, кіреберістерге 40 мың бейнекамера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарланып отыр.
Шаһарда 1 мыңнан астам қоғамдық Wi-Fi нүктесі жұмыс істейді. Қала бойынша 900-ден астам 5G базалық станция орнатылған. 11 метро бекетінің барлығы жаңа буын мобильді байланыспен қамтылған.
- Тегтер:
- алматы,
- жылдам интернет
Соңғы жаңалықтар:
Алматыда болашақ аналарға арналған жаңа орталық ашылды
26 қыркүйек 2026
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
26 қыркүйек 2026
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26 қыркүйек 2026
Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды
24 қыркүйек 2026
Алматыда «Нәрестелер аллеясы» ашылды
24 қыркүйек 2026