ALMATY SUMMER FEST аясында кезекті ауқымды концерт өтіп, мыңдаған көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады, - деп хабарлайды alnews.
ALMATY SUMMER FEST – Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ауқымды мәдени жоба.
🎤 Осы кештің көркін қыздырған өнерпаздар:
Кәмшат Жолдыбаева, Amre, Гүлнұр Оразымбетова, Сырым Исабаев, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Бағым Мұхитденова, Інжу, Бағдат Сейіт, Ақтоты Болшова, Арманай, Erik Akhim, DEARAIKAA, DANNA, Мади Шалтан, Diana Miyer, Alee & Batyr, Әлішер Қарабай, Римма Ахметова, DJ Akhmetoff және Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері.