2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры халықаралық театр фестивальдерінде Қазақстанның атынан сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.
Театрдың басты жетістігі Қазан қаласында өткен «Шомбай-fest – 2026» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жүлдесін жеңіп алуы болды. «Ортеке» спектаклі ең жоғары марапатқа лайық деп танылды.
Сонымен қатар, театр Румыниядағы Халықаралық Шекспир фестиваліне қатысып, 2027 жылы өтетін тағы бір беделді халықаралық театр форумына шақырту алды. Сондай-ақ театр «BIKEN FEST» фестивалінің қатысушысы атанып, 2027 жылы ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастыратын халықаралық фестивальге қатысуға шақыртуға ие болды.
- Тегтер:
- алматы,
- қуыршақ театры
Соңғы жаңалықтар:
Алматыдағы LEZ аймағын дамыту кезінде София тәжірибесі ескеріледі
02 қыркүйек 2026
Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайып келеді
02 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
01 қыркүйек 2026
Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқушы орны ашылды
01 қыркүйек 2026