2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы хайуанаттар бағына 561 983 адам барды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
Алты ай ішінде мұнда 62 экскурсия, мерекелік іс-шара, экологиялық дәрістер және 150 бала білім алатын Зоомектептің сабақтары өткізілді.
Хайуанаттар бағының қорында жануарлардың 386 түріне жататын 4 мыңнан астам төл бар. Олардың қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының Қызыл тізіміне енгізілген сирек түрлер де кездеседі.
Әлеуметтік қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінеді. Жетім балаларға, ерекше қажеттілігі бар балаларға және мамандандырылған мекемелер тәрбиеленушілеріне хайуанаттар бағына тегін кіру мүмкіндігі қарастырылған.
- Тегтер:
- алматы,
- хайуанаттар бағы
Соңғы жаңалықтар:
Алматылық спортшылар Азия ойындарында алғашқы жүлделерін жеңіп алды
22 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюнити орталығы ашылды
18 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді
18 қыркүйек 2026