Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға білім беру грантын табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтеді, - деп хабарлайды alnews.
Университет құрылтайшысы София Арғынқызы Суюбаеваның қолдауымен Бакуде өткен дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давлатов Шерзод Рахимовичке және 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарының құзға өрмелеуден қола жүлдегері Тоқтаров Дамир Манасовичке университет гранты беріледі.
Грант иегерлері Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің бакалавриатындағы 6В01422 (ІР) – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алады.
Шерзод Давлатовтың әлем чемпионатындағы күміс жүлдесі мен Дамир Тоқтаровтың Азия ойындарындағы қола медалі – қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің айғағы.
Университеттің бұл бастамасы спорттағы жетістікті біліммен ұштастырып, чемпиондардың кәсіби дамуына мүмкіндік беруді көздейді. Білім беру гранты спортшыларға қолдау көрсетумен қатар, жастарды спортпен айналысуға және білім алуға ынталандыратын маңызды бастама болмақ.
Күні: 12 қазан 2026 жыл
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Ақсай-3 шағын ауданы, 36