Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Ресей-Украина: Келіссөз ықтималдығы қай деңгейде?

Ресей-Украина: Келіссөз ықтималдығы қай деңгейде? NIICE Nepal

Қуатты қарсыласпен екі жарым жылдан астам уақытта созылған соғыс Украинаны титықтатқаны даусыз. Расталған мәліметтерге сай Киев тарабынан соғысқа жұмылдырылған 57 мыңнан астам сарбаз қаза тапқпан. Бұл сан Ресейдің сарбаз шығынынан аз болғанымен, халық саны және ел қуаты тұрғысынан оңай шығын емес. Батыстық қолдаушылар тарабынан әскери көмектердің дер уақытында жетпеуі – Украинаның тағы бір қиыншылығы. 

Байден әкімшілігі өкілетті мерзімінің соңғы екі айында Украинаға әскери көмекті жеделдете түсетіні айтылуда. Алайда,соғысты бақылап отырған ұйымдар бұл жедел көмек жалпы соғыс жағдайын өзгертуге әсер етпейді деп санайды. Өткен аптада АҚШ-тың барлау агенттіктері де осылай бағалаған. 

Бірақ, жеделдетілген көмектің басқа да маңызды жағы бар. Егер соңғы екі айда америкалық қару-жарақ пен техникалар көптеп жеткізілсе, ең кемінде бұл Украина үшін атысты тоқтатуға қол жеткізуге көмектеседі. Қалаберді, егер қос тарап уақытша келісімге келіп жатқан жағдайда уақыттық шекараларды сақтап тұруға мүмкіндік береді. 

Қос тарап келісімге келуі мүмкін бе?

Қазірше бұған нақты жауап беру қиын. Алайда, АҚШ пен кейбір НАТО мүшелері Ресей-Украина арасындағы келіссөзден кейінгі жағдайға дайындалып жатқаны көрінеді. Айталық, америкалық және еуропалық атқамінерлер арасында қос тараптың бітімге келгеннен кейінгі мәселені талқылағаны туралы мәліметтер тарады. The New York Times басылымының жазуынша, АҚШ пен Еуропа шенеуніктері Ресей атысты тоқтату келісімін бұзған жағдайда жазалаушы соққы ретінде жеткілікті көлемдегі кәдімгі қару-жарақ арсеналын жинақтауды талқылаған. Бұны Украина үшін ықтимал қауіпсіздік кепілі ретінде тежеу ​​шараларын ретінде қарастырған. 

Украина сұраған ең жоғары кепілдік – НАТО-ға мүшелікке қабылдану. Байден тұсында жүзеге аспаған бұл талпыныс, Трамп кезінде де жүзеге асуы екіталай. Сондықтан келіссөздер мазмұнында Украинаның НАТО-ға мүше болмауы Ресей жағынан басты талаптың бірі болып орын алады. НАТО мүшесі болмағна жағдайда Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік ету оның батыстық одақтастары үшін тек қару-жарақ, әскери техникамен қамсыздау негізінде жүзеге асады. 

Кейбір дереккөздерде Байден әкімшілігіне түрлі ұсыныстар келіп түскен. Соның көбі жеткілікті әскери көмек беруді құптайды. Тіпті Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Украинадан алынған ядролық қаруды қайтаруды ұсынғандар да болған. Алайда бұл ұсыныстың қабылдануы мүлде қиын. Себебі мұндай қадам ядролық соғысқа жол ашумен тең. 

Украиналық жоғары лауазымдылар да келіссөз кепілі жеткілікті қару-жараққа ие болудан басталатынын айтып келеді. Тіпті, Украинада қазетті қару-жарақ қорының болуы ықтмал келіссөзден кейін келісімді қорғап тұру үшін де керек деген пікірлер жиі айтыла бастады. 

Қорыта қарастырсақ, тараптар ішкі-сыртқы қысымдардан келіссөздерге қадам жасайды. Бірақ, бұл бірден сәтті болуы екіталай. Арасында бірнеше рет уақытша атысты тоқтату келісімдері жасалуы мүмкін. Соған қарамастан Батыс тарабынан әскери қолдау тоқтамайды. Қару-жарақ пен техникалар алдағы уақытта да Украинаға жеткізіле береді. Міне осы үрдістің өзі қақтыңстың тағы бір кезеңіне жол ашуы ғажап емес. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!