Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

«ЖӘРКЕН ЖЫРАУ ТҰРҒАН ҮЙ»: Алматыда Жәркен Бөдешұлын еске алу шаралары өтуде

«ЖӘРКЕН ЖЫРАУ ТҰРҒАН ҮЙ»:  Алматыда Жәркен Бөдешұлын еске алу шаралары өтуде Фото: Ж.Қалелбек

Жәркен Бөдешұлының есімі Қазақ поэзиясында алтын әріптермен таңбаланғаны даусыз. Даңықты ақын арамызда болса биыл 80 жасқа толар еді. Бүгін, 28 қазан Алматыда Жәркен Бөдешұлын еске алуға арналған бірқатар шаралар өтпек. Еске алу шаралары ақынға арналған ескерткіш тақта қоюдан басталды. 

Алматыдағы «Құлагер» ықшам ауданында Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге арнайы ескерткіш тақта орнатылды. Еске алу шарасына Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетхан, ақын Қасымхан Бегманов бастаған қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақ поэзиясында аты айрықша аталатын Жәркен Бөдешұлын әдеби орта «Жәркен жырау» деп те атасады. Оның туған жер тақырыбындағы сағынышқа толы сар қаймақ жырлары оқырманға кеңінен танымал. Тіпті бүгінде ақынның кейбір өлек тармақтары жұрт аузында тұрақты сөз тіркесіне айналып кетті десе де болады.

Айталық «Жұлдызға орнын Ай бермес, қанша жарық болса да» дейтін, немесе «Қара жер құнарлылығы үшін сатылды, Мағжан сатылмағаны үшін атылды, мен жер емеспін сатылып кететін, Мағжан емеспін атылып кететін» дейтін өлең жолдары өзгермес аксиомаға айналғандай.

 Бүгін түстен кейін 16:00-де Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Жәркен Бөдешұлын еске алуға арналған арнайы әдеби-сазды  кеш өтетінін оқырмандарымызға хабарлай кетейік. 

 The Alnews


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!