Columbus 15℃
  • 518.5
  • 591
  • 6.23

Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде Алматы қаласы әкімдігі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті, - деп хабарлайды alnews

 Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсетіп, ардагерлерге деген шексіз құрмет пен ризашылығын білдірді.

 Еріктілер ардагерлердің үйлеріне барып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізді, сондай-ақ тұрмыстық шаруаларға көмек көрсетті. Бұл акция тек аға буынға деген қамқорлықтың көрінісі ғана емес, сонымен қатар жастар мен ардагерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Акция аясында Алматы қаласында тұратын барлық 21 ҰОС ардагерін қамту жоспарланып отыр.

 «Біз ардагерлерге жай ғана көмек көрсетіп жатқан жоқпыз. Бұл – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет. Олардың әрбір естелігі – біз үшін тірі шежіре. Осындай кездесулер арқылы біз шынайы патриотизм мен жауапкершілік сезімін үйренеміз», – деп ерікті Шәмші Құдайберген атап өтті.

 Еріктілер атап өткендей, бұл бір реттік шара емес. Ол – алматылық жастардың жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан тұрақты бастамасының құрамдас бөлігі. Алматы қаласының еріктілері мұндай қайырымдылық іс-шараларын үнемі ұйымдастырып отырады. Мәселен, қыс мезгілінде олар ардагерлер мен зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесіп, коммуналдық қызмет өкілдеріне ыстық шай тарату бойынша акциялар өткізеді. Бұл бастамалар – жастардың белсенді азаматтық ұстанымының, қоғамдағы бірліктің және адамдарға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі.

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!