Құрылтай төрағасы қазақ тілін жетік білу керек – Парламенттік реформа

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Құрылтай төрағасына қойылатын ең негізгі талапты атады, - деп хабарлайды alnews.

 

- Құрылтайды мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады. Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны ҚР Президенті ұсынады, - деді ол.

 

Айтуынша, Конституцияда Құрылтай төрағасының қызметін реттейтін регламент те нақтыланады.

 

- Ұсыныстармен Құрылтайдың бірінші сессиясын ҚР Президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей шақыруы, Құрылтайдың кезекті сессияларын өткізу мерзімі нақтыланған, - деді Нұрлан Бекназаров.

 

Айта кету керек, бұл айтылып отырған нормалардың бәрі әзірге ұсыныс қана. Нормалардың қайсысы қабылданып, қайсысы Ата заңға енбейтінін референдум шешеді.

Алдыңғы
Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді
Келесі
Снежанна Имашева: Конституцияның Преамбуласы - Негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу