Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 мамырда Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавтовды Ақордада қабылдады. Сергей Лавров бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесу өткізген еді. 

Қабылдау барысында Мемлекет басшысы Ресей дипломатына ілтипат білдіре отырып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бір қызығы Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы берген ақпаратта М. Нұртлеумен болған кездесу барысында одақтастық және стратегиялық серіктестікті нығайта береміз деп жазылған. Яғни, әр елдің бұл тұста жеке мүддесі ескерілген сияқты. Әрине бұл заңды құбылыс. 

Сонымен қатар, "сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды" - деп хабарлаған Ақорда. Ал Қазақстанның СІМ М. Нұртлеу ресейлік әріптесімен кездесу кезінде "тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады", - делінген.  Яғни, саяси мәселелер министрлер деңгейінде талқыланған көрінеді. 

Сергей Лавровтың 20-21 мамырда Астанаға келетіні туралы көрші елдің сыртқы саяси ведомствосы 19 мамырда хабарлаған болатын.  Хабарламада ШЫҰ сыртқы істер министрлер кеңесіндегі Ресейдің отырыстан күтетін нәтижелері туралы айтылған. Мәскеу әсіресе ұйымның сыртқы саяси мәселелеріне баса назар аударып отыр. Атап өтер болсақ:

1. Мәскеу үшін жаға жаһандық тәртіп архитектурасын құру мәселесі негізгі тақырып болмақ. Ресей бұл бағытта тең және бөлінбейтін Еуразия контурын құруға, сонымен қатар оған сырттан қолсұғушылыққа жол бермеуге мүдделі.

2. Газа секторындағы және жалпы Таяу Шығыстағы жағдай бойынша пікір алмасу. Әсіресе палестина-израиль қақтығысын реттеу мәселесіне база назар аударылады. 

3. Сонымен қатар Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесі Мәскеудің басты назарында.

20 мамырда Сергей Лавров Астанада бірнеше маңызды кездесу өткізді. Ол алдымен ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И-мен кездезді. Кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. 

С. Лавровтың кездесулердегі кезектіліктің өзінде саяси астар бар. Ван И-мен кездесу арқылы алдағы өтетін ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінде қарастырылатын мәселелер бойынша уағдаластыққа келу. Сонымен қатар, 16-17 мамырда Ресей президенті В. Путинннің Қытайға ресми сапары барысында екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыру. Ресей-Қытай арасындағы жан-жақсы серіктестік қатынас пен стратегиялық өзара әрекетті өміршең ету үшін кездесты. 

Сонымен қатар кездесуде келесі мәселелер талқыланды:

1. Ресей мен Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары ұйымға мүше мемлекеттердің Еуразиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі ұжымдық күш-жігерін құптап, Ұйымның әлемдік және өңірлік істердегі өсіп келе жатқан беделін атап өтті.

2. БҰҰ мен оның Қауіпсіздік Кеңесінде, ШЫҰ-да, BRICS-те, «G-20», АТЭӘ-те және басқа да негізгі халықаралық ұйымдар мен диалогтық тетіктерде өзара үйлестіруді арттыруға екі жақты ниет расталды. Таяу Шығысты реттеуді, Қызыл теңіз бен Корей түбегіндегі жағдайды қоса алғанда, бірқатар «қызу» тақырыптар талқыланды. Еуроатлантикалық тетіктердің тоқырауы аясында еуразиялық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құру қажеттілігі атап өтілді.

3. С. Лавров Украина дағдарысын реттеу жөніндегі салмақты, теңгерімді ұстанымы үшін қытайлық әріптестеріне ризашылығын білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Ресей мен Украина тең құқылы қатысқан жағдайда бейбіт конференция ұйымдастыру, қауіпсіздік пен қазіргі ахуал саласындағы Мәскеудің заңды мүдделерін ескеру жөніндегі ұсынысын құптады. 

4. Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ахуал бойынша АҚШ пен оның одақтастарының АТӨ жекелеген елдерін қауіпсіздіктің асеаноорталық жүйесін бұзатын түрлі тар блокты форматтарға тарту, өңірге қаруланудың тұрақсыздандырушы жүйелерін орналастыру жөніндегі арандатушылық қызметін жандандыру тұрғысынан терең пікір алмасу өтті.

5. Тараптар Тайвань мәселесінде ҚХР ішкі істеріне үшінші елдердің араласуын бірауыздан айыптады. 20 мамырда Тайвань «президенті» қызметіне кірісу рәсімі аясында Ресей СІМ басшысы Мәскеудің «бір Қытай» қағидасын берік ұстанатынын растады.

Алғашқы екі мәселеде екі тараптың да мүдделері ескерілген. Ал үшінші мәсіледе Ресейдің, соңғы екеуінде Қытайдың мүддесі көрінеді.

Елдің сыртқы саясаты Alnews-ң бақылауында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!