Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты

Алматыда Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі аясында Jas Vibe акциясы жалғасуда, - деп хабарлайды alnews.

Алғашқы бес күннің ішінде жобаға 5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Акцияның басты ерекшелігі – қала аудандарын аралап жүрген брендтелген Jas Vibe автобусы. «Жас Алматы» ұйымының белсенділері мен фестивальдің маскоттарымен бірге команда түрлі байқаулар мен интерактивтер ұйымдастырып, тұрғындарды фестиваль бағдарламасымен таныстырып, ALMA LOVE фестивалінің қорытынды концертіне шақыруда.

Бағыт қаланың орталық көшелері мен танымал қоғамдық кеңістіктерін ғана емес, шалғай шағынаудандар мен қаланың төменгі бөлігін де қамтитындай етіп жасалған. Автобус аулаларға, скверлерге және тұрғындардың демалыс орындарына тоқтайды.

 

«Әдетте мұндай іс-шаралар қаланың орталығында өтетін. Сондықтан біздің ауданға осындай жарқын автобустың келгені ерекше әсер қалдырды. Ұйымдастырушылардың шалғай аудандарға арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, байқаулар өткізіп жатқаны қуантады. Бұл мерекенің шынымен бүкіл қала үшін ұйымдастырылғанын көрсетеді», – деді акцияға қатысқан алматылық жас тұрғын.

 

Аялдамаларда ALMA LOVE фестивалінің қорытынды концерті өтетін фан-аймаққа шақыру билеттері ойнатылады. Оларды байқаулар мен интерактивтерге белсенді қатысқан тұрғындар жеңіп ала алады.

Jas Vibe акциясы 12 тамызға дейін жалғасады. Сол күні ALMA LOVE 2026 фестивалі мерекелік қорытынды концертпен аяқталады.

Алдыңғы
Ярмарка выходного дня откроется в Турксибском районе Алматы
Келесі
Jas Vibe едет по районам Алматы: участниками акции стали уже более 5 тыс. человек

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу