2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша алматылық спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 2 230 медаль жеңіп алды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Алматылық спортшылардың қоржынында әлем чемпионаттарының 60 медалі, Азия чемпионаттарының 105 жүлдесі және Қазақстан чемпионаттарының 2 065 медалі бар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Алматыдан 2 544 спортшы бар. Осылайша, ұлттық құрамадағы әрбір төртінші спортшы Алматының намысын қорғайды.
Биыл алматылық спортшылар бірқатар тарихи жетістікке де қол жеткізді. Атап айтқанда, спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңдерінде, стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальдарды жеңіп алды. Сондай-ақ, семсерлесу, шахмат, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетті.
Қалалық Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістіктерге спорт инфрақұрылымын дамыту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру және материалдық-техникалық базаны нығайту нәтижесінде қол жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар:
Алматыдағы LEZ аймағын дамыту кезінде София тәжірибесі ескеріледі
02 қыркүйек 2026
Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайып келеді
02 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
01 қыркүйек 2026
Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқушы орны ашылды
01 қыркүйек 2026