Алматылық жастар Қазақ күресінен өткен республикалық чемпионатта жүлделі орынға ие болды

2025 жылдың маусым айында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған додаға еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық үздік жас балуан қатысты.

Чемпионатқа Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы "Қазақ күресі" демалыс орталығының алты спортшысы қатысып, өз шеберліктерін паш етті. Нәтижесінде, қос бірдей жас балуан жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Еркінұлы Жігерқарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал 70 келіде сынға түскен Мақсатқызы Шұғыла қола жүлдеге ие болды.

«Бұл – менің алғашқы ірі жеңісім. Осындай мүмкіндік берген жаттықтырушыларыма және демалыс орталығындағы ұстаздарыма алғысым шексіз. Болашақта ел чемпионаттарында ғана емес, халықаралық ареналарда да ел намысын қорғағым келеді», – дейді чемпион Еркінұлы Жігер.

Айта кету керек, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының жұмысы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Осындай жүйелі қолдаудың арқасында жас спортшылар өз қабілеттерін дамытып, республикалық деңгейдегі жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап келеді.

Алдыңғы
Руководитель Управления молодежной политики города Алматы Азиз Кажденбек провёл встречу с представителями НПО
Келесі
Воспитанники досугового центра «Қазақ күресі» завоевали призовые места на республиканском чемпионате

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу