Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Алматыда алғаш рет блогерлер, туристік индустрия өкілдері және шетелдік саяхатшылар арасында қаланы ілгерілетуге көмектесетін жоба авторлары атап өтіледі, - деп хабарлайды alnews.

"Туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін" ICONIC Tourism Award арнайы сыйлығы 11 қарашада Almaty Arena-да ICONIC 2026 салтанатты  рәсімі  аясында табыс етіледі. Бұл туралы Алматының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Жаңа марапат қаланың туристік мүмкіндіктері, оның табиғаты, мәдениеті, гастрономиясы мен көрікті жерлері туралы айтып, қазақстандық және шетелдік аудитория назарын аударатындардың еңбегін тану үшін тағайындалды.

Сыйлыққа саяхат блогерлері, цифрлық контент авторлары, гидтер, туроператорлар, туристік компаниялар және медиа өкілдері қатыса алады. Сондай-ақ, өтінімдер оқиғалы, мәдени, гастрономиялық және экологиялық туризм саласындағы жобалардың авторларынан қабылданады.

ICONIC Аwards креативті индустрия өкілдерін, блогерлерді, журналистерді және пікір көшбасшыларын біріктіреді. Жаңа туристік номинацияның жеңімпазына ICONIC Awards  2026 марапаттау сыйлығы  беріледі.

Іс-шараның серіктестері-Visit Almaty және EACI.

Өтінімдерді қабылдау қазірдің өзінде ашық. Қатысуға өтінімді theiconicawards.com. ресми сайтта беруге болады

Алдыңғы
Аким Алматы Дархан Сатыбалды обсудил с вьетнамскими инвесторами развитие нового делового района Almaty Downtown
Келесі
В Алматы впервые вручат премию ICONIC Tourism Award за вклад в развитие туризма

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу