Алматыда 11-14 қазан аралығында садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогінің IV, қорытынды кезеңі – QAZAQSTAN ARCHERY CUP FINAL 2026 өтеді, - деп хабарлайды alnews.
Жарыс «АДК» стадионындағы спорттық-жаттығу кешенінде ұйымдастырылады. Төрт күн бойы спортшылар ел кубогінің қорытынды кезеңінің жүлделері үшін бақ сынайды.
11 қазанда жарыстың ресми ашылу салтанаты мен жаттығу кезеңдері өтеді. 12 қазанда іріктеу сайыстары ұйымдастырылса, 13 қазанда олимпиадалық кезеңдер, жартылай финалдық кездесулер және қола медаль үшін бәсекелер өтеді. Ал 14 қазанда финалдық сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жарысты ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз. Журналистер үшін арнайы баспасөз аймағы қарастырылған. Сондай-ақ, фото және бейнетүсірілім жүргізуге, спортшылардан, жаттықтырушылардан және ұйымдастырушылардан сұхбат алуға мүмкіндік беріледі.
Күні: 11-14 қазан 2026 жыл.
Орны: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 159, Розыбакиев көшесінің қиылысы, «АДК» стадионы, спорттық-жаттығу кешені.
Көрермендер үшін кіру тегін.
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс:
Нұрлытаң Мейірханұлы
Тел.: +7 747 253 11 38
WhatsApp: +7 702 685 15 20