Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматыдв 60-тан астам отандық өндірушінің басын қосқан «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқау-көрмесі өтті, - деп хабарлайды alnews.

Іс-шара қазақстандық кәсіпорындардың жетістіктерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жергілікті өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.

Байқаудың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов пен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» директоры Шыңғысхан Маманов қатысты. Олар отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың, өнім сапасын арттырудың және бәсекеге қабілетті бизнесті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Күні бойы қатысушылар Алматыда өндірілген түрлі өнімдерді көпшілік назарына ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша үш номинацияда жеңімпаздар анықталды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында I орын – «Qulpynai Production» ЖШС, II орын – «Компания «Камертон» ЖШС, ал III орын – «ЛОТТЕ Рахат» АҚ алды. 

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында I орын – «БСФ» ЖШС, II орын – «Концерн Bakarassov» ЖШС, ал III орын – «СК Рахат» ЖШС иеленді. 

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында I орын – «Қазақстандық Құбыр Жүйелері» ЖШС, II орын – «Жигалма» ЖШС, ал III орын – «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС-не бұйырды. 

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары енді Алматының атынан «Қазақстанның үздік тауары – 2026» республикалық байқауына қатысып, еліміздің үздік өндірушісі атағы үшін бақ сынайды.

Алдыңғы
Более 3,6 тысячи туристов воспользовались визит-центрами Алматы с начала года
Келесі
В Алматы определили победителей регионального конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу