Алматыда Жастар кеңесінің жаңа құрамына өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды alnews.
Кеңес қаланың дамуына үлес қосуға, идеясы мен жобасын ұсынуға дайын жастарды біріктіретін алаң болмақ. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен QazEquality қоғамдық қорының қатысуымен жүзеге асырылады.
Іріктеу екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде үміткерлер арнайы өтінімді толтыруы қажет:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSecS0TKyDJc1QLGQjLuPQHCfIkz06cx3DXhOMb0JFKBG1N1Gw/viewform?usp=publish-editor
Өтінім қарау кезінде үміткердің Кеңес жұмысына қатысуға деген ынтасы, тәжірибесі және әлеуеті ескеріледі. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 50 үміткер іріктеледі. Өтінім 2026 жылы 29 қыркүйекке дейін қабылданады.
Екінші кезеңде үміткерлер сұхбаттан өтеді. Сұхбат барысында олардан өзі туралы айтып қана қоймай, нақты идея немесе жоба ұсыну күтіледі. Үміткер Алматы үшін маңызды деп санайтын мәселені атап, оны шешу жолдары туралы көзқарасын ұсынуы қажет. Сұхбат қорытындысы бойынша 25 қатысушы Жастар кеңесінің құрамына енеді.
Ұсынылатын бастамалар белгілі бір саламен шектелмейді. Негізгі бағыттардың қатарында қалалық орта мен экология, білім беру және жастарды дамыту, инклюзия мен тең мүмкіндіктер, цифрландыру және инновация бар. Ең бастысы, ұсынылған идеяның қала мен оның тұрғындарына қандай нақты пайда әкелетінін түсіндіре білу.
Жастар кеңесі жас алматылықтарға қаланың өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар мен жобаларды ортаға салуға мүмкіндік беретін алаң болмақ.
Анықтама үшін:
+7 700 535 2004 — Зарина