Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге арналған 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Алматы қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда, - деп хабарлайды alnews.

Осы мақсатта Алматы қаласының Құрылыс басқармасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 6 353 пәтерді сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 2 717 пәтер уәкілетті органның теңгеріміне берілді. Тағы 640 пәтерді қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде, олар бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған. Жыл соңына дейін барлық пәтерді уәкілетті органның теңгеріміне толық беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

Қазіргі уақытта 2 246 пәтерге арналған 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде 1 366 пәтерді қамтитын 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. 

Оның ішінде:

• 7 тұрғын үй «Қалқаман-2» шағын ауданында;

• 10 тұрғын үй «Жас-Қанат» шағын ауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта пайдалануға дайын тұрғын үйлер бойынша техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Ал «Жас-Қанат» шағын ауданындағы 880 пәтерге арналған қалған 12 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын 2027 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Алдыңғы
Министерство транспорта продлило переходный период по отдельным функциям ЕСУТД
Келесі
В Алматы завершили строительство 17 многоквартирных домов соцжилья

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу