Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады

«Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС жаңа студенттер жатақханасының құрылысын салу үшін «BAZA 271» ЖШС-не жеңілдетілген қаржыландыру ұсынды, - деп хабарлайды alnews.

Жобаны жүзеге асыруға «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында жылдық 6% мөлшерлемемен, 7 жыл мерзімге 500 млн теңге бөлінді.

Жоба Алматының білім беру инфрақұрылымын дамытуға, студенттерді заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге және студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын азайтуға бағытталған.

Жалпы ауданы 3 537,2 шаршы метр болатын жаңа жатақхана 400 орынға есептелген. Ғимарат төрт қабаттан және жертөле қабатынан тұрады. Мұнда Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері тұра алады.

Жобаның жалпы құны 750 млн теңге. Оның ішінде 250 млн теңге – инвестордың өз қаражаты, ал 500 млн теңге – «Almaty Finance» ЖШС ұсынған қарыз қаражаты. Сонымен қатар жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ арқылы мемлекеттік субсидиялау тетігімен жүзеге асырылады. Субсидия мөлшері – жатақханада тұратын әрбір студентке 230 АЕК.

Жатақханада тұрудың жоспарланған құны – бір студентке айына 45 мың теңге.

 

«Жаңа жатақхананың құрылысы студенттерді заманауи әрі жайлы тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етуге және қаланың қолданыстағы инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Құрылысты 2026 жылы қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар жоба аясында 11 жаңа жұмыс орны ашылады», – деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Эмиль Оспанов.

Алдыңғы
Касым-Жомарт Токаев принял заместителя Премьер-министра – министра иностранных дел Таиланда Сихасаком Пуангкеткео
Келесі
В Алматы построят новое студенческое общежитие на 400 мест

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу