Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Алматыдағы 38 қалалық емханада мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Былтыр жаздан бері бір жыл ішінде тұрғындар осы контейнерлерге 1 200 келіге жуық дәрі-дәрмек қалдығын тапсырды. Жиналған қалдықтар қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты.

Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы STADA фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Орнатылған контейнерлердің арқасында тұрғындар жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тұрмыстық қоқыстан бөлек жинауға тапсырады. 

Дәрі-дәрмек жинау пункттерінің жұмысын бағалауға Satbayev University студенттері қатысты. Еріктілер 34 емхананы аралап, тұрғындардың жоба туралы хабардар болуын және медицина қызметкерлерінің бастамаға қатысу белсенділігін бағалады. Тексерілген емханалардың 70%-дан астамы жоғары нәтиже көрсетті. 

Еске салайық, шілде айында дәрі-дәрмек жинау бойынша №1 қалалық емхана көш бастап, 79,5 келі қалдық жинады. Үздік бестікке №23 емхана – 71,45 келі, №4 емхана – 70,2 келі, №17 емхана – 66,6 келі және №12 емхана – 65,6 келі көрсеткішпен енді.

Мерзімі өткен дәрілерді бөлек жинау қоршаған ортаның ластану қаупін азайтуға көмектеседі. Тұрмыстық қоқысқа тасталған немесе кәріз жүйесіне төгілген дәрілік заттар топырақ пен суға түсуі мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы контейнерлер мұндай қалдықтарды бөлек жинап, қауіпсіз жолмен жоюға жіберуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы
В Алматы впервые вручат премию ICONIC Tourism Award за вклад в развитие туризма
Келесі
В Алматы собрали и утилизировали около 1,2 тонны просроченных лекарств

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу