Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Вьетнамның ROX Group ірі инвестициялық тобына кіретін ROX Living Global девелоперлік компанияның өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды alnews.

Кездесуде Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамытуға ROX Group компаниясының қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу барысында ROX Living Global компаниясының бас директоры Чан Тхи Ми Лок бастаған делегация тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарын қамтитын көпфункционалды кешен салу жөніндегі ұсынысын таныстырды.

Жоба тұжырымдамасы тұрғын үйлермен қатар кеңселерді, сауда орындарын, білім беру және медициналық мекемелерді, спорт нысандары мен қоғамдық кеңістіктерді қамтиды. Сондай-ақ, аумақты көгалдандыруға, жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыруға және қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге басымдық берілген.

Дархан Сатыбалды Алматының дамудың полиорталық үлгісіне көшіп жатқанын, соның аясында жаңа іскерлік орталықтар қалыптасатынын атап өтті. Солардың бірі Almaty Downtown болмақ.

 

«Көпфункционалды кешен салу жөніндегі бастамаңызды қолдаймыз. Өз тарапымыздан әкімдік жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Жобаны іс жүзінде іске асыру кезеңіне мүмкіндігінше тезірек көшеді деп сенеміз», – деді Алматы әкімі.

 

1996 жылы құрылған ROX Group жылжымайтын мүлік, қаржы, энергетика және қонақ үй бизнесі салаларында жұмыс істейді. Топтың инвестициялық портфелінде әлемнің 12 еліндегі 100-ден астам жоба бар. Компанияның Орталық Азиядағы ірі жобаларының бірі Бішкек қаласында жүзеге асырылып жатыр.

Алдыңғы
В Жетысуском районе Алматы благоустроили километровую аллею и обновили парк «Жетісу»
Келесі
Аким Алматы Дархан Сатыбалды обсудил с вьетнамскими инвесторами развитие нового делового района Almaty Downtown

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу