Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Израиль Ливанға басып кірді

Израиль Ливанға басып кірді Фото: Анадолы агенттігі

Израиль армиясы (ЦАХАЛ) Ливан шекарасына құрлық арқылы басып кірді. Тель-Авив ресми мәлімдемесінде бұл әрекетін "шекті операция" деп атады және шекара маңындағы "Хезболла" ұйымына тиесілі әскери нысандарды жоюды көздегендерін айтты. 

Бұған дейін Ливанда қарулы қақтығыстың басталуы аймақтағы ауқымды соғысқа итермелеуі мүмкін деген қауіптенулер болған. Соған қарамастан Израиль өз тарихында екінші мәрте Ливан жеріне әскери күшпен кірді. 

Бүгін таңда Ливанның оңтүстігіндегі шекара маңында Израиль мен "Хезболла" арасында сұрапыл шайқастардың болғаны туралы хабарлар тарады.

ЦАХАЛ-дың құрлықтағы қимылына әуе күштері мен артиллерия да қолдау көрсетіп, шекараға жақын маңдағы "Хезболлаға" тиесілі деп танылған нысандарды тымбай атқылады.

Израиль армиясының Ливанға құрлық арқылы әскери операция бастайтыны туралы ресми мәлімет 30 қыркүйек күні кеште тарай бастады. Бір күн бұрын америкалық басылымдар өздерінің сенімді ақпарат көздеріне сілтеп, Израильдің құрлықтағы шабуылы басталуға жақын тұрғанын хабарлаған.

Ал операция алдында Пентагонның қазіргі жетекшісі Остин өзінің израильдің әріптесімен сөйлесу өткізген. Құрама Штаттар аймақтағы бейбітшілік келіссөздеріне жетекшілік етіп келгеніне қарамастан Ливандағы қарулы қақтығысқа жол бергендей көрінді. Дегенмен, Израиль шабуыл тек "Хезболланың" шекараға жақын әскери инфрақұрылымдарына бағытталғанын айтып сендірген. 

Бүгін таңда Израиль ресмилері Ливандағы операциялардың дүйсенбі күні түнде басталғанын, бұл әскери қимылға бірнеше ай бойы Хамасқа қарсы соғысқан Газадан  элиталық 98-ші дивизияның қатысқанын мәлімдеді. Бұл дивизия екі апта бұрын ғана солтүстік шекараға орналастырылған еді. 

Өткен аптада Израиль Бейрутте "Хезболла" басшысы Хасан Насралланы өлтіріп, Иран қолдаған әрі Таяу Шығыстағы ең қуатты  күштің бірі "Хезболлаға" ауыр соққы берген болатын.  

Тель-Авив "Шекті әскери операция" атаған бұл шабуылдың қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Айта кетейік, "Хезболаға" қарсы бұл соққылар бір жағынан Иранның аймақтағы ықпал-әсеріне де ауыр соққы деуге болады. Осыған дейінгі үркіткен-қорқытқан мәлімдемелеріне қарамастан Тегеран Израильге қарсы қазірге ешқандай нақты әрекетке барып отырған жоқ.

The ALNEWS


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!