Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Иран-Израиль: Аймақтық қақтығыстың қауіпті дабылы қағылды

Иран-Израиль: Аймақтық қақтығыстың қауіпті дабылы қағылды Фото: SKY NEWS

1 қазан күні кеште Иран Израильді баллистикалық змырандармен соққылады. Шабуылдан бірнеше сағат бұрын АҚШ Тегеранның зымыран шабуылына дайындалып жатқаны туралы мәлімдеген еді. 

Иран өзінің аймақтағы мүддесіне төніп жатқан қауіптерге қарамастан ұзақ уақыт үнсіз жатқан болатын. Израиль Ливандағы "Хезболлаға" қарсы құрлықтағы әскери операциясын бастағаннан кейін Тегеранның шыдамы таусылғанға ұқсады. Сейсенбінің кешінде Иранның баллистикалық зымырандары Израильді бетке алып жаңбырша жауды. Шабуылдың сұрапыл болғаны соншалық, жергілікті ақпарат құралдары әуе шабуылын ескерткен дабыл үні Израильдің барлық жерінен жаңғырғанын айтып жатты.

ШАБУЫЛ НӘТИЖЕСІ

Пентагонның мәлімдеуінше, Иранның кезекті әуе шабуылы оның сәуірдегі шабуыланан әлде қайда жойқын болған. Израиль болса болжаммен 180 зымыран атылды деп мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Жо Байден ресми мәлімдемесінде зымырандар саны 200 деп көрсетілді. Шабуыл нәтижесінде Израильдің бірқатар жерінде жарылыстар болды. Дегенмен, елдің әуе қорғаныс жүйесі зымырандардың көбін әуеде атып құлатқан. Кейбір зымырандар Тель-Авивке де түсіп жарылғаны туралы әлеуметтік желілерде кескіндер көптеп тарады.

ИРАН МӘЛІМДЕМЕСІ

Шабуылдан кейін Иранның революция сақшылары корпусы ресми хабар таратты. Олар бұл әркетті ХАМАС жетекшісі Исмайл Ханияның, "Хезболла" басшысы Хасан Насралланың көз жұмуына, сондай-ақ, Газа мен Ливандағы қаза болған бейбіт тұрғындар үшін жауап екенін айтқан. Ресми мәлімдемеде Израильдің маңызды әскери базалары нысанаға алынғаны айтылған. 

ИИР ресмилері толыққанды соғысты қаламайтындарын айтты. Бұндай әрекеттер елдің ұлттық мүддесін қорғау үшін жасалып жатқанын мәлімдеген. 

АҚШ ПОЗИЦИЯСЫ

Вашингтон Тегеранды ауыр сынның астына алуда. Президент Байдан Иранның шабуылын бірден айыптады әрі АҚШ әскери күштеріне Израильдің қорғануына көмектесуге бұйрық берген. Әуе шабуылдарынан қорғануға аймаққа жақын сулардағы америкалық әскери кемелердің әуе қорғаныс жүйелері де атсалысты деген мәлімет бар.  

ИЗРАИЛЬ ПОЗИЦИЯСЫ 

Израиль қазірдің өзінде Иранға қарсы жауап беруге дайындалып жатыр. ЦАХАЛ-дың ресми өкілі Даниел Хагари "Иран бұл әрекетінің кесепетін тартады" деген мәлімдемесін жасады. 

Еврей мемлекетінің премьер-министрі мәлімдеме жасап, "Иран үлкен қателікке ұрынғанын" айтты. Беньямин Нетаньяху:"Иран бүгін түнде үлкен қателік жасады. Ол үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Иран режимі біздің өзімізді қорғауға және дұшпаннан кек алуға бел байлауымызды түсінбейді. Бізге кім шабуыл жасаса, соған шабуыл жасаймыз", – деген.  деді.

АЙМАҚТЫҚ АУҚЫМДЫ СОҒЫС ҚАТЕРІ

Қос тарапта бұған дейін бетпе-бет соғысты, толық басыштапбты қақтығысты қаламайтындарын айтып келген. Алайда, Израиль тез арада қарулы жауап берерін ескертіп жатқанда Иран да оған қарымта жауап беріп, Израиль артық әрекетке барса, бұдан да жойқын соққылар болатынын айтқан. Бұл әлем елдерінің энергетикасындағы әсері мол аймақта жаңа аймақтық соғыстың қауіпін күшейткен оқиға болды. Тараптар соғысты қаламайтындарын айтса да, ерекестің соңынан төбелес шықпайтынына кепілдік жоқ. Оның үстіне елдегі сайлау науқанына байланысты АҚШ позициясы анық болмай тұрған тұста аймақтағы мұндай қауіпті үрдістер тіптен тез қарқынмен дамуы мүмкін. 

The Alnews 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!