Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Алматының басты экономикалық табысы – қызмет көрсету саласы

Алматының басты экономикалық табысы – қызмет көрсету саласы Фото: Aqsham News

Алматы еліміздегі экономикалық көшбасшы шаһар саналады. Қаланың ең табысты бизнес саласы ретінде қызмет өтеу саласы аталады. Ол ЖӨӨ-нің  85,4% құраса, өндіріс саласы 8% үлеске ие. 

Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, Алматы қаласының экономикалық өсім қарқыны да барлық өңірмен салыстырғанда ең жоғары деңгейді көрсетеді. 2024 жылдың алдынғы жарты жылдығында қаланың жалпы ішкі өнім өсімі 4,8 пайызды құраған. 

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы тамызда 2023 желтоқсанмен салыстырғанда 105,5% құрады. 

Азық-түлік тауарларының бағасы 4,8%, азық-түлік емес тауарлардың – 4,1%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 7,5% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы тамызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 4,8% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 4083722 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8% көп.

2024 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 9674038,4 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6% құрады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!